Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қаланың жаңа прокуроры таныстырылды

03.08.2026, 17:55 54

HALYQLINE.KZ

Бүгін Қызылорда қаласының әкімі Нұржан Ахатов және облыс прокурорының бірінші орынбасары Нұрболат Дүйсенбаев Қызылорда қаласының жаңадан тағайындалған прокурорын қала активіне таныстырды, деп жазады қала әкімінің баспасөз қызметі.

Бас прокурордың бұйрығымен әділет кеңесшісі Ерлан Алмазұлы Қызылорда қаласының прокуроры қызметіне тағайындалды. Ерлан Алмазұлы 1984 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Еңбек жолын 2006 жылы Астана қаласы, Алматы ауданы прокурорының көмекшісі қызметінен бастаған.

Әр жылдары Алматы ауданы прокурорының аға көмекшісі, бөлім бастығы, Астана қаласы және Павлодар облысы прокуратураларының басқарма прокуроры, Павлодар және Байқоңыр қалалары прокурорының орынбасары, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы департаменті басқармасының аға прокуроры болды.

Сонымен қатар, Көкшетау қаласы мен Сырдария ауданының прокуроры, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының көмекшісі лауазымдарын атқарған.

2024 жылдың сәуір айынан бүгінгі күнге дейін Астана қаласы, «Байқоңыр» ауданының прокуроры қызметін атқарып келді.

«Ерлан Алмазұлы – бірқатар қызметтің сатыларынан өткен азамат. Жоғары жауапкершілікті талап ететін тегеурінді салада білімі мен тәжірибесін шаһарымыздың игілігіне арнап, жаңа лауазымда абыроймен қызмет атқаратынына сенімдімін», — деді Нұржан Сәбитұлы.

Актив отырысына қатысқан қалалық мәслихат төрағасы Ибадулла Құттықожаев жаңа басшыны құттықтап, қызметіне сәттілік тіледі.

Айта кету керек, бұған дейін Қызылорда қаласының прокуроры қызметін атқарып келген Жандарбек Сұлтанбекұлы басқа қызметке ауысуына байланысты лауазымынан босатылған болатын.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: