Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қала әкімінің орынбасары тағайындалды

18.01.2024, 10:35 154

HALYQLINE.KZ

Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары қызметіне Айдос Кентугаев тағайындалды. Бұл туралы қала әкімі Серік Қожаниязов мәлімдеді.

«Өздеріңіз жақсы білесіздер, соңғы екі жыл бедерінде қала қарқынды құрылыс алаңына айналды. Сол себептен облыс орталығының сәулеттік дамуына серпін керек. Осы бағытқа екпін беру мақсатында сәулет және қала құрылысы саласында тәжірибесі мол, креативті көзқарасы бар архитектор Кентугаев Айдос Зейнуллаұлын қала әкімінің орынбасары лауазымына тағайындауды жөн санадым», – делінген шаһар басшысының әлеуметтік желіде жариялаған хабарламасында. 

Айдос Зейнуллаұлы бірнеше жыл бойы Алматы бас жоспары ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары қызметін атқарған. 3 жыл Түркістан қаласының бас архитекторы болды.

Сурет  ашық дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: