Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Орынбасар болып орынға отырды

12.10.2020, 13:15 662

HALYQLINE.KZ Жандарбеков Айтбай Насриддинұлы Шиелі ауданы әкімінің 2020 жылғы 12 қазандағы №238 өкімімен, Шиелі ауданы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

Жандарбеков Айтбай Насриддинұлы 1974 жылы 5 қаңтарда Өзбекстан Республикасында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2002 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1992-1994 жылдары Қазақстанның 30 жылдық совхозында жұмысшы болып бастаған.

1994-1997 жылдары Бәйгеқұм ұжымында материалдық есепші, 1998-2000 жылдары Қазақшетсақтандыру компаниясында брокер, 2000-2001 жылдары «Шиелі астық» акционерлік қоғамының диірменші шебері, 2001-2003 жылдары Бәйгеқұм пошта торабына қарасты байланыс бөлімінің пошта меңгерушісі, 2003-2018 жылдары Шиелі аудандық статистика басқармасының жетекші маманы, 2018-2020 жылдары Гигант ауылдық округінің әкімі, 2020 жылдың қаңтар айынан бастап Шиелі аудандық статистика басқармасының басшысы қызметін атқарып келді. Отбасылы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: