Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Нұрлыбек Нәлібаев бірінші вице-премьер болып тағайындалды

03.09.2026, 10:30 32

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды. Осылайша ол жаңа Үкімет құрамында бірінші вице-премьер қызметін жалғастырады. Бұған дейін Нұрлыбек Нәлібаев бұл лауазымға 2026 жылғы 6 мамырда тағайындалған болатын. 

Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жылғы 13 қазанда Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында дүниеге келген. 1997 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін менеджер-экономист, 2003 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған. 

Еңбек жолын 1997 жылы «Қазақойл-коммерция» ЖШС-де мұнай және мұнай өнімдері жөніндегі сарапшы болып бастаған. Кейін бірнеше жеке компанияда басшылық қызметтер атқарды. 2005–2007 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, кейін бірінші орынбасары, 2007–2008 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы болды. 

2008–2013 жылдары Шиелі ауданын, ал 2013–2021 жылдары Қызылорда қаласын басқарды. 2021 жылы Премьер-Министр Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. 

2022 жылғы сәуірден 2026 жылғы мамырға дейін Қызылорда облысының әкімі қызметін атқарды. 2026 жылғы 6 мамырда Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалған. 

Нұрлыбек Нәлібаев «Құрмет» және «Парасат» ордендерімен марапатталған, «Қазақстанның құрметті құрылысшысы» атағына ие. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: