Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев Қазақстан Республикасының Көлік министрі лауазымына тағайындалды. Ол бұған дейін де осы ведомствоны басқарып келген.
Нұрлан Сауранбаев 1967 жылғы 20 мамырда дүниеге келген. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Саяси экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын кәсіпкерлік құрылымдарда бастаған.
1997–2011 жылдары теміржол және мұнай-газ салаларындағы ұлттық компанияларда қызмет атқарды. 2011 жылдан Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі, 2014–2016 жылдары Қорғаныс министрінің орынбасары болды. 2017–2018 жылдары Шымкент қаласының әкімі қызметін атқарды.
2019–2021 жылдары Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімін басқарды. 2021 жылы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалып, бірнеше жыл ұлттық теміржол компаниясына жетекшілік етті.
2025 жылғы 30 маусымда Нұрлан Сауранбаев алғаш рет Қазақстан Республикасының Көлік министрі болып тағайындалған еді. Жаңа Үкімет құрамында ол көлік саласына жетекшілік ететін қызметін жалғастырады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!