Жезқазған қаласының әкімі болып Мұрат Ерболатұлы Бөрібаев тағайындалды. Бұған дейін ол 2024 жылдың шілдесінен бастап Сәтбаев қаласын басқарған.
Мұрат Бөрібаев 1991 жылы туған. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Металлургия, экономика және бизнес бакалавры, мемлекеттік менеджмент магистрі.
Еңбек жолын «Қазақмыс» корпорациясының «Нұрқазған» байыту фабрикасында үшінші разрядты флотатор болып бастаған. Кейін осы кәсіпорында іс жүргізуші, шебер және цех бастығы қызметтерін атқарды.
2013–2014 жылдары «Шығыстүстімет» өндірістік бірлестігінің Орлов кенішіндегі байыту фабрикасында бас инженер, 2014–2015 жылдары Жезқазған байыту фабрикасында цех бастығы болды. 2015–2017 жылдары Нұрқазған байыту фабрикасын басқарды.
Сәтбаев қаласының әкімі қызметіне тағайындалғанға дейін «Жезқазғантүстімет» өндірістік бірлестігіне қарасты №1, 2 және 3 Жезқазған байыту фабрикаларының директоры болған.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!