Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Гүлнұр Бүркітбаева – «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ директоры

07.09.2022, 10:15 714

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының бұйрығымен 2022 жылғы 6 қыркүйегінен бастап Бүркітбаева Гүлнұр Бейбітбекқызы «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ директоры лауазымына тағайындалды.

Гүлнұр Бейбітбекқызы 1981 жылдың 6 маусымында дүниеге келген. Жоғары білімді.

1998-2002 жылдары Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін журналист, 2002-2004 жылдары Қызылорда гуманитарлық университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек өтілі:

2003-2004 жылдары «Құқықтық Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі;

2004-2006 жылдары облыстық «Кімге Не?» газетінің тілшісі, бас редакторы;

2006-2017 «Қызылорда қоғамдық телерадиокомпаниясы» ЖШС-нің редактор-телекомментаторы және республикалық «СТВ» телеканалының Қызылорда облысы бойынша меншікті тілшісі қызметтерін атқарды.

2017 жылдан бастап Қызылорда облысының «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ-де бөлім басшысы қызметін атқарды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: