Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ғалымжан Қойшыбаев Үкімет Аппаратын басқарады

03.09.2026, 9:55 39

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды. 

Ғалымжан Қойшыбаев 1968 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін тәмамдаған, философия ғылымдарының кандидаты. 

Еңбек жолының елеулі бөлігі дипломатиялық қызметпен байланысты. 1995–2004 жылдары Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде атташе, үшінші және бірінші хатшы, кеңесші, кеңесші-уәкіл қызметтерін атқарды. 2004 жылы Қазақстанның Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы жанындағы өкілетті өкілі болды. Кейін Президент Әкімшілігінің бас инспекторы және Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі қызметтерінде еңбек етті. 

2008–2012 жылдары Қазақстанның Литвадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып, Латвия, Эстония және Финляндиядағы елші міндетін қоса атқарды. 2012–2016 жылдары Финляндиядағы елші қызметінде болып, Эстониядағы дипломатиялық миссияға да жетекшілік етті. 2016–2019 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары болды. 

2019 жылы Премьер-министр Кеңсесінің басшысы болып тағайындалды. 2023 жылдан бастап Премьер-министрдің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы қызметін атқарып келеді. Бұл лауазымда ол Үкімет жұмысының ұйымдастырушылық-құқықтық және ақпараттық-талдамалық қамтамасыз етілуін, мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту, әкімшілік реформалар мен цифрландыру, сондай-ақ заң жобалау жұмыстарын үйлестіреді. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: