Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Есмаханов ескі һәм жаңа қызметіне тағайындалды

13.11.2020, 19:45 1295

HALYQLINE.KZ Есмаханов Алмасбек Әбілқасымұлы Шиелі ауданы әкімінің 2020 жылғы 13 қарашадағы №270 өкіміне сәйкес, Шиелі ауданы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

Есмаханов Алмасбек Әбілқасымұлы 1982 жылдың 8 қаңтарында Қызылорда облысы, Қызылорда қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары.

2005 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Қаржы және несие» мамандығы бойынша;

2009 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде «Экономика саласында құқықтық реттеу» мамандығы бойынша;

2013 жылы Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясында Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі және АҚШ-тың Каролина штатының ДЮК университетінде «Саясаттану» мамандығы бойынша білім алған.

Алғашқы еңбек жолын 2006 жылы Қызылорда қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің жетекші маманы қызметінен бастап, 2007-2020 жылдар аралығында Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жетекші маманы, бас маманы, Қызылорда қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмыстары бөлімінің бас маманы, бас инспекторы, Тасбөгет кенті әкімінің орынбасары, Қызылорда қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық және кадр жұмыстары бөлімінің бастығы, Қарауылтөбе ауылдық округінің әкімі, облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы, бөлім басшысы, Шиелі ауданы әкімінің орынбасары, Қызылорда қаласы әкімі аппаратының басшысы, Қызылорда қаласының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы, 2020 жылдың 17 маусымынан бүгінгі күнге дейін Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы лауазымында қызмет атқарып келді. Отбасылы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: