Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ержан Сапарбекұлы Сәденов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымына тағайындалды.
Ержан Сәденов бұл қызметті 2023 жылғы қыркүйектен бері атқарып келеді. Оның арнайы атағы – полиция генерал-лейтенанты. 1993 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, 1998 жылы ҚР ҰҚК Қарағанды жоғары мектебін тәмамдаған.
Еңбек жолын ішкі істер органдарында бастаған. 1993–2009 жылдары Шығыс Қазақстан облысының ішкі істер бөлімшелерінде аға жедел уәкілден аумақтық департамент басқармасының бастығына дейінгі қызметтерді атқарды.
2009–2022 жылдары көліктегі ішкі істер органдарында, Маңғыстау және Ақмола облыстарында, сондай-ақ елордада ішкі істер департаменттері бастығының орынбасары және департамент бастығы қызметтерінде еңбек етті. 2022–2023 жылдары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары болды. 2023 жылғы қыркүйекте Ішкі істер министрі болып тағайындалған.
Ержан Сәденов I дәрежелі «Даңқ», I және II дәрежелі «Айбын» ордендерімен марапатталған.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!