Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ербол Мырзабосынов Туризм және спорт министрлігіне қайта келді

03.09.2026, 13:03 28

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ербол Қуантайұлы Мырзабосынов Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі лауазымына тағайындалды. Ол бұл ведомствоны 2024 жылдан бері басқарып келеді. 

Ербол Мырзабосынов 1984 жылғы 30 тамызда Семей қаласында дүниеге келген. Семей мемлекеттік педагогикалық институтын, Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін және Қазақ спорт және туризм академиясын тәмамдаған. PhD докторы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы. 

Еңбек жолын 2005 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтының Дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі кафедрасында ассистент әрі жаттықтырушы-оқытушы болып бастаған. Кейін Семей мемлекеттік медицина университетінде дене тәрбиесі пәнінен сабақ беріп, кафедра меңгерушісі қызметін атқарды. Сонымен қатар жоғары спорт шеберлігі мектебінде жаттықтырушы болып еңбек еткен. 

2018–2020 жылдары «Қызылжар Арландары» спорт клубының директоры, 2020–2021 жылдары Qazaq kuresi қауымдастығының басқарушы директоры болды. 2021–2023 жылдары Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының ректоры қызметін атқарды. 

2023 жылы Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Ал 2024 жылғы 2 қыркүйекте алғаш рет Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі қызметіне келді. 

Енді Ербол Мырзабосынов жаңа Үкімет құрамында да туризмді дамыту, бұқаралық және кәсіби спорт, спорт инфрақұрылымы мен халықаралық жарыстар бағыттарына жетекшілік етеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: