Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Дамир Тоқжанов департамент басшысы болды

19.08.2024, 21:45 127

Бүгін аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен актив отырысында ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің жаңа басшысы Тоқжанов Дамир Жакенұлы таныстырылды.

Облыс әкімі департамент басшысының қызметіне сәттілік тілеп, бірлесе атқаратын жұмыстарға тоқталды.
«Өңір экономикасын өркендету мен негізгі көрсеткіштерге қол жеткізуде кәсіпкерлік субъектілері арасындағы адал бәсекелестікті дамытуға жәрдемдесу, олардың экономикалық тиімділігін, бәсекеге қабілеттілігін арттыру аса маңызды. Салада Мемлекет басшысы жүктеген және Үкімет бекіткен көрсеткіштерді бағындыруда ауқымды міндеттер бар.

Дамир Жакенұлы жаңа қызметте тауар нарығындағы бәсекелестiктi қорғауды, монополияны шектеуді, мемлекеттік монополия саласындағы қызметті бақылауды және реттеуді, өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Жаңа басшы өзіне жүктелген міндеттер мен алға қойылған мақсаттарды жоғары деңгейде жүзеге асырады деп сенім білдіріп, алдағы атқаратын жауапты қызметіне сәттілік тілеймін», – деді Н.Нәлібаев.

Дамир Жакенұлы 1988 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін «Математика» және «Экономика» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2010 жылы Лисаков қаласы әкімі аппаратының маманы болып бастап, әр жылдары ішкі саясат саласында түрлі лауазымда жұмыс істеген. 2011-2018 жылдары Лисаков, Рудный қалалары әкімдіктері ішкі саясат бөлімінің бас маманы болған. 2018-2020 жылдары Лисаков қаласы әкімдігі тұрғын үй инспекциясының, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы қызметтерін абыроймен атқарған. 2020 жылдың ақпан айынан Бәсекелестікті қорғау агенттігі Қостанай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: