Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Берік Уәли қайтадан президенттің баспасөз хатшысы болып тағайындалды

13.09.2023, 8:00 134

HALYQLINE.KZ

Қазақстан президентінің бұрынғы баспасөз хатшысы Берік Уәли қайтадан осы қызметке келді. Бұл жөнінде Ақорда хабарлады. Ол президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы қызметін қатар атқаратын болады.

Осыған дейін 6 қыркүйекте Нұрмұхамед Байғараев президенттің баспасөз хатшысы болып тағайындалған. Алайда 11 қыркүйекте ол денсаулығына байланысты бұл қызметті атқара алмайтынын мәлімдеді.

Берік Уәли Тоқаев 2019 жылдың наурыз айында президент болған күннен бастап баспасөз хатшысы қызметіне келген.

2022 жылдың наурыз айында ол мемлекеттік «Хабар» телеарнасының басқарма басшысы болып тағайындалды.

Оның орнына Руслан Желдібай келген. Ол таяуда президенттің ішкі саясат және байланыс жөніндегі көмекшісі қызметіне кіріскен.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: