Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Суға салса – батпайтын, отқа түссе – жанбайтын» Есмаханов

19.06.2020, 18:30 2180

Өткенде сайтта «Есмаханов ескертеді» деген тақырыпта ақпарат жариялағанбыз. Ол кезде қазіргі қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Алмасбек Есмаханов кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы болған. Шартарапты шарлаған коронавирус инфекциясы ең әуелі кәсіпкерлік саласын сансыратты. Тиісінше, Есмахановқа артылған жүк еселене түсті. А.Әбілқасымұлы бастаған жауаптылар күні-түні көше кезіп, кәсіпкерлік нысандарын аралап, түсіндірме жұмыстарын жүргізген. Жалпы, талай-талай қызметте болған оның жүріп өткен жолы көпті таңғалдырады. Білім жолындағы ізденісі аграрлық-техникалық колледжде басталып, АҚШ-тың Королина штатында тамамдалғасын, не сұрайсыз?

Еңбек жолын 2006 жылы Қызылорда қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің штаттан тыс маманы ретінде бастаған. Тағдыр дегенді қойсаңшы… Бір-ақ жылдың ішінде сол бөлімнің жетекші маманы болып шыға келген екен. Сөйтіп, жергілікті биліктің бұрқ-сарқ қайнаған қазанына осылай түсіпті. Біршама жылдан кейін Тасбөгет кенті әкімінің орынбасары, сосын қалаға қарасты Қарауылтөбе ауылдық округінің әкімі қызметіне тағайындалған. 2015 жылы облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің басшысы қызметіне барды. Жыл толмай жатып Шиелі ауданы әкімінің орынбасары болды. Ал 2019 жылы Қызылорда қаласы әкімдігінде карьерасы басталған оны Нұрлыбек Нәлібаев қала әкімі аппаратының басшысы қызметіне алдырды. Сол жылы қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, наурыз айынан бастап күні кешеге дейін кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы болды. Сол жолы мәдениеттен кәсіпкерлікке «топ» етіп таңғалдырса, биыл кәсіпкерліктен идеология келіп таңғалдырып отыр.

Қысқасы, Есмаханов «суға салса – батпайтын, отқа салса – жанбайтын» солдат па дейміз… Әлде қала әкімі кадр таппай жатыр ма?

Пікірлер:

Асхат үшін пікір үстеу Жауапты болдырмау

Тағы да оқыңыз: