Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Су қоймаларын салу жоспарлануда

19.02.2020, 11:41 706

Өңірде Сырдария өзенінің арнасын реттеу шаралары қолға алынған. Бүгінгі күні жағалауды түпкілікті жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамасына Су ресурстары комитетінен 48 млн теңге қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстарын жеделдету шаралары қабылдануда.

«Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасының екінші кезеңінің үш компоненті: Қызылорда су торабын қайта жаңғырту, Қармақшы, Қазалы аудандарындағы қорғаныс бөгеттерін нығайту, Жалағаш ауданында Тұрымбет және Қорғанша учаскелерінде Сырдария өзенінің арнасын түзету бойынша биыл іске асыру жұмыстары басталатын болады», – деді облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов.

Жағымды жаңалықтардың бірі облыс орталығы шегінде Сырдария өзенінің арнасын тазалауға қаржыландыру мәселесі шешілді. Аталмыш жоба іске асқанда, өзен арнасының 9 шақырымындай табаны 7 метрге жуық тазаланады деп жоспарлануда.

Үкімет алдында «Қараөзек» (қойманың су жинау көлемі – 1,5 млрд) және «Күміскеткен» (қойманың су жинау көлемі – 600 млн) су қоймаларын салу мәселесі көтеріліп отыр. Бұл су қоймалары жыл сайын Үлкен Арал теңізіне қайтарымсыз тасталып жатқан 2 млрд-тан текше метр астам суды жинап, сақтауға мүмкіндік береді.

Бүгін 2020 жылы 19 ақпанда, Н.Бекежанов атындағы облыстық драма театрында Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақовтың халық алдында есеп беру кездесуі өтті, жиында аймақ басшысы өткен жылды қорытындылап, алдағы жоспарлар туралы баяндады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: