Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шалқия кенті және Төменарық ауылдық округ әкімдері таныстырылды

08.10.2026, 10:15 26

Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес, 4 қазан күні Жаңақорған ауданында өкілеттік мерзімі аяқталған Шалқия кенті және Төменарық ауылдық округі әкімдерінің сайлауы өтті.

Аудан әкімі Жарқынбек Ғалымжан Шалқия кенті мен Төменарық ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, сайлау қорытындысы бойынша қайта сайланған Ғалымжан Ерахынов пен Бақытжан Айымбетовты таныстырды.

Кездесулер барысында аудан басшысы жаңадан сайланған әкімдерге ауыл шаруашылығы мен шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктерін тиімді пайдалану, жаңа жұмыс орындарын ашу, әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелерді шешу бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру тапсырылды.

Сонымен қатар елді мекендердегі қоғамдық келісім мен бірлікті сақтау, абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын тұрақты жүргізу қажеттігі айтылды.

Жиын соңында аудан әкімі Ғалымжан Жарқынбекұлы жауапты қызметтеріне табыс тілеп, ел игілігі жолындағы еңбектеріне сәттілік тіледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: