Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шаһар басшысы түлектерді онлайн құттықтады

03.06.2020, 15:40 495

HALYQLINE.KZ  Бүгін қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қаламыздың мақтанышы болып, білім бәйгесінде жарып шыққан «Алтын белгі» мен «Үздік аттестат» иегерлерін және барша түлектерді «ZOOM» бағдарламасы арқылы онлайн құттықтады.

Шаһар басшысы: «Түлектеріміздің жоғары нәтижеге қол жеткізіп, үздіктер сапынан көрінуінде уақытпен санаспай қызмет жасаған мектеп басшылары мен ұстаздарымыздың еңбегі айрықша. Ұстаздарымыз осы жолда қаншама тер төкті. Сондықтан, мен осы кездесуді пайдалана отырып барша ұстаздар қауымына алғысымды білдіремін. Біздің және ұстаздар мен ата-аналардың арманы – ұл-қыздарымыздың азамат атанып, қаламызға ғана емес, Тәуелсіз Қазақстанға абыройлы еңбек еткенін көру. Ал, жас түлектердің арманы – қалаған жоғары оқу орындарына түсіп, мектептен алған білімдерін жалғастыру. Сіздердің армандарыңыздың орындалуы үшін бірінші кезекте білім жолында тынымсыз талпыныс, үздіксіз ізденіс қажет деп есептеймін. Бұл – біздің бүгінгідей жаңалығы желмен жарысқан заманның басты талабы. Осыны естен шығармағайсыздар. Қолдарыңызға тиген аттестаттарыңыз құтты болсын! Алдағы сынақтан жақсы нәтижеге қол жеткізіңіздер» – деп «Алтын белгі» және «Үздік аттестат» иегерлеріне қалаған жоғары оқу орындарына түсіп, кәсіби мамандық иесі атанып, еліміздің дамуы жолында еңбек етуде баршаның сенімін білдіре отырып, түлектерге ақ жол тіледі.

Жалпы, үлкен құрметке ие болған түлектердің бұл кездесуде қуаныштарында шек болмады. Мұнан әрі, №3 мектеп-гимназиясының «Алтын белгі» иегері Мұханбет Анель және ата-ана Болат Қожанбаев ақ тілегін жеткізді.

Айта кетейік, қала бойынша жалпы білім беретін 50 мектептен барлығы 1881 оқушы 11-сыныпты бітірді. Оның ішінде «Алтын белгі» – 154, «Үздік аттестатқа» 114 үміткеріміз бар. Барлық түлектердің ішінен Ұлттық Бірыңғай тестілеуге қатысуға 1716-сы өтініш білдірген. ҰБТ маусым айының 20-сы мен шілде айының 5-і күні аралығында өтеді. Мектеп бітірушілер 2 тестілеу пунктінде тест тапсырады. Олар – Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің №5 ғимараты және «Мұрагер» мектебі.

Бітіру кеші әр мектептің ауласында оқушылар арасындағы алшақтықты сақтап, сынып жиынтықтарының бірмезгілдік санымен әр сынып кестеге сәйкес жеке өткізілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: