Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сарыуайымға салынуға болмайды

26.03.2020, 10:15 508

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықты карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

«Азаматтарды карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырамын. Сары уайымға салынуға болмайды. Көңіліміз көтеріңкі болып, жарқын болашаққа сенуіміз керек. Басты тойларымыз әлі алда. Коронавирусқа шалдыққандарға қажетті ем жасалады. Азаматтарға, бизнеске материалдық қолдау көрсетіледі», – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында.

Еске сала кетейік, Қазақстан Президенті Ұлттық биотехнология орталығында болып, коронавирусты аз уақытта анықтайтын тест жүйесімен танысқан еді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: