Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сәдуақас Аңсат: «Мен ондай мазақ спектакльдеріңе қатыспаймын»

27.07.2020, 14:20 1702

HALYQLINE.KZ Жақында ватсап әлеуметтік желісі арқылы маған: «Саламатсыз ба, Сәдуақас АҢСАТ! Мен Алматы қаласындағы «Золотая книга» баспасының редакторымын. Біз тамыз айының ортасына дейін Қызылорда облысы әкімдігінің тапсырысы бойынша, яғни сіздің өлкеңіздің тұрғындарының Елбасы туралы естеліктері жайында кітап дайындап жатырмыз. Соған байланысты Назарбаевпен кездескен кездегі естеліктер тақырыбында сұхбатқа тапсырыс бере алатын журналистерді іздейміз. Жалпы алғанда, Елбасымен кездесуден алған әсерлері туралы кейіпкердің әңгімесіне байланысты, көлемі 5000-нан 10 000 таңбаға дейінгі 6-10 сұхбат қажет болуы мүмкін. Ол адамнан Елбасы туралы естеліктердің кездесу жылдары, Президентпен кездесудегі диалогтың егжей-тегжейі, Тұңғыш Президент қалай есте қалғанын, оның қандай қасиеттері әсер еткенін және т.б., сондай-ақ Елбасымен жақсы сападағы мұрағаттық суреттері қызықты болады. Сұхбат тілі Сіздің таңдауыңызбен, бізде өз аудармашыларымыз бар. Кітап екі тілде шығады. Сұхбатты пошта немесе телефон арқылы ала аласыз. Егер сіз осы ұсынысты қарастырсаңыз, біз үш күн ішінде сіздің поштаңызға қаламақы бағасын жібереміз, сіз біздің менеджерге жазып немесе қоңырау шалуыңызға болады және мен сіздің келісіміңізден кейін, кейіпкерлердің байланыстарын қамтамасыз етемін. Басқа кісілерге жазылған кітаптың үлгі есебінде біреуі жіберемін», – деген хат келіп түсті. Үлгі түрінде генерал-полковник Мұхтар Алтынбаев туралы кітапты жіберіпті.

Алдында ол орыс қыз осы айтқандарын маған телефонмен де айтқан болатын. Менің оған жауабым төмендегідей болды:«Мен ол кісінің жақсы істерінен гөрі зиянды істерінің көп екенін білемін. Жақсы істері 30 жылдан бері айтылып, тіпті әсіре мақтаулар жазылып келді. Ол оның Конституция бойынша міндеті болатын. Бірде бір кемістігі, тіпті қылмыстары ресми түрде айтылған емес. Сөйткен адам туралы тағы да кітап шығарып дәріптеуді тоқтату керек. Қазіргі халықтың мына індеттен қырылып, ауырып жатқан кезінде монумент орнатып, елордада отшашу жасап масқара болғаны аздай, енді кітап шығартып жатқаны не деген тойымсыздық?! Мен ондай мазақ спектакльдеріңе қатыспаймын», – деп жазып жібердім.

Сәдуақас АҢСАТ,

республикалық «Тіл сақшысы»

газетінің бас редакторы

Пікірлер:
  • Сәдуақас ағаның пікірімен толықтай келісемін. Мұхтар Шаханов айтқандай:бізде «ТЖ-лар» көп, өте көп! Сол себептіде мұндай сайқал саясатты доғару керек!

  • Мен журналист емеспин, брак мына кисинин ой, алган ориси дурыс, 30 адал иси болса неге айтпаска, тап таза кедей елмиз, уры карыдан кутыла алмай, денгеймиздиде осире алмай, ошип бара жатырмыз, карилик пен коса даналык, данышпандык бирге келеди екен, ал кейбир кисилерге жалгыз карилик кана келеди екен……

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: