Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Республика күнінде бірқатар азамат марапатқа ие болды

23.10.2022, 12:30 200

Қызылорда қаласының әкімі Асылбек Шаменовтың төрағалығымен Ұлттық мерекеге арналған салтанатты жиын өтті.

– Баршаңызды Ұлттық мерекеміз – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! 13 жылдан кейін қайта тойланғалы отырған Ұлттық мереке ел тұтастығының мызғымас нышаны, айбарымыздың айғағы дер едім. Бүгін облыс орталығында аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының қатысуымен облысымыздың бірқатар азаматтарына мемлекеттік наградалар табысталды. Оның ішінде ерекше атап өтетіні бұрынғы қала әкімі болған, қазірде кәсіпкер – меценат Мұрат Пірмағанбетұлы аймағымызда тұңғыш рет І дәрежелі «Барыс» орденін алды. Одан бөлек, қала әкімдігінің бірқатар қызметкерлері де «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері атанды. Бұл, Қызылорда қаласына, оның ішінде қала әкімдігіне берілген оң баға деп есептеймін. Осындай еселі еңбектеріміздің жетістігі әрқашан баянды болсын, – деді шаһар басшысы Асылбек Өмірбекұлы.

Жиын барысында бірқатар азаматтар еліміздің өсіп-өркендеуіне қосқан үлесі үшін «Құрмет грамотасымен» және қала әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Егеменді еліміздің жылнамасы қайта жазылған бұл күн қашанда рухымыздың тұмары, елдігіміздің шырағы болып қала бермек.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: