Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорданың өзекті мәселелері айтылды

27.01.2023, 10:30 253

HALYQLINE.KZ Кеше аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев қала әкімі және облыс әкімі орынбасарларының қатысуымен Қызылорда қаласының өзекті мәселелерін қарады. Аймақ басшысы алдымен коммуналдық проблемаларды шешу жолдары бойынша сала басшыларының баяндамаларын тыңдап, нақты тапсырмалар жүктеді.

Атап айтқанда, 2022 жылы сатып алынған қоғамдық көліктердің қалған бөлігінің облыс орталығына жеткізіліп, бағытқа қосылуын қамтамасыз етуді қатаң тапсырды.

Сонымен қатар, көпқабатты тұрғын үйлердегі ауыз су қысымының мәселесін шешу, аяқ су жеткіліксіз аумақтарды анықтап тиісті шаралар қабылдау, көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру бойынша және жалпы облыс көлемінде санитарлық тазалықтың сақталуын қадағалауды баса назарда ұстау қажеттігін айтты.

Нұрлыбек Машбекұлы облыс тұрғындарына көрсетілетін қызметтің сапасын жақсарту, халықтың әл-ауқатын көтеру бағытындағы жұмыстар үнемі өзінің тікелей бақылауында болатынын ескертті.

Айта кетейік, кеше облыс әкімі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысына қатысты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: