Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда: «Syr Volonterlary» орталығы ашылады

22.07.2020, 14:00 427

HALYQLINE.KZ Қызылордада «Syr Volonterlary» орталығы ашылады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет мәлімдеді.

«Орталықтың мақсаты – барлық еріктілерді бір орталыққа біріктіріп, сапалы қызмет көрсету. Аталған орталық Темірбек Жүргенов атындағы шығармашылық үйі ғимаратында орналасқан. Волонтер болғысы келетін барша ынталы азаматтар «Syr Volonterlary» орталығының 401-110 байланыс телефонына хабарласуға болады. Пандемия кезінде волонтерлар ауқымды жұмыстар атқаруда. Әлеуметтік аз қамтылған отбасылар мен қарттарға материалдық қолдау, автоволонтерлардың көмегімен медициналық дәрі-дәрмектер жеткізіліп, жыл басынан бері түрлі форматтағы 1 184 шара ұйымдастырылды», – деді Серік Әбжәліұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: