Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда облысына 9 оттегі концентраты жеткізілді

21.07.2020, 15:00 664

HALYQLINE.KZ  Қызылорда облысына #жақсылықжаршысы акциясы аясында 9 дана оттегі концентраты жеткізілді. Бұл аппараттардың қаржысы белгілі блогер @dauletten (Дәулет Мұкаев) және айтыскер ақын, қоғам белсендісі @aidyn_nury (Айнұр Тұрсынбаева), сондай-ақ, Қазалы ауданының тумасы, «Эльмира Ешниязова жеке қайырымдылық қорының» Эльмира Ешниязованың инстаграм парақшасындағы оқырмандар тарапынан жиналған.

Жалпы бүгінгі күнге дейін Түркия елінен Қазақстанға жоғарыда аталған азаматтардың ұйымдастыруымен 125 оттегі концентраты келген. Әлі де аппараттар келеді деп күтілуде.
Осы құрылғылардың барлығы «Атамекен» ҰКП қолдауымен «PONY_EXPRESS_KZ» логистикалық компаниясы және «SCAT» әуекомпаниясы арқылы еліміздің барлық өңірлеріне жолданды, соның ішінде Қызылорда облысына 9 данасы жеткізіліп отыр.

Оттегі аппараттарын Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Пірмұхаммед Сыздықов қоғамдық бақылау мүшелері мен жоғарыда аталған азаматтардың өкілдеріне табыстады.

Аталмыш аппараттар:

Қызылорда қаласындағы облыстық медицина орталығына – 1 дана;

Қызылорда қалалық ауруханасына – 1 дана;

Қызылорда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына – 2 дана;

Қазалы ауданындағы ауруханаға – 2 дана;

Байқоңыр қаласындағы көпбейінді ауруханаға – 1 дана;

Арал аудандық орталық ауруханаға – 1 дана;

Тасбөгет кентіндегі қалалық туберкулезге қарсы диспансерге – 1 дана.

Жалпы саны – 9, оның ішінде 4 аппарат «Эльмира Ешниязова» қорына тиесілі, «Дәулеттен» және «Айдың нұры» қорына 5 аппарат тиесілі.
Қызылорда облысындағы аппараттарды табыстау шарасына қатысқан Эльмира Ешниязова Түркиядан алынған аппараттарға қаржы ел болып жиналғанын айтып, үлес қосқан әр азаматқа алғысын білдірді.

#жақсылықжаршысы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: