Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Құрылыс жұмыстарын күнделікті қадағалау тапсырылды

17.07.2020, 15:30 740

HALYQLINE.KZ Бүгін аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Еркебай бастаған жұмысшы топ Қазалы қаласында «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Биыл «Жол картасы» бағдарламасы арқылы облыстық бюджеттен 379,8 мың теңге қаржы бөлініп, 8 көшеге (Ү.Түктібаев, Ж.Жабаев, Қорқыт ата, Құрманғазы Сағырбайұлы, Жанқожа батыр, Жалаңтөс баһадүр, Б.Мергенбаев, Қазалы) жаяу жүргіншілер жолын салу жұмыстары басталған болатын. Қазіргі таңда жеңімпаз мердігерлер тиісті жұмыстарды атқаруда.

Аралау барысында кейбір көшелердегі құрылыс жұмыстары жобаға сәйкес келмейтін кемшіліктер анықталып, аудан әкімінің орынбасары Ғ.Еркебай мердігер мекемелердің басшыларына 10 күн мерзім ішінде қайта қалпына келтіруді тапсырды.

Сонымен қатар, тиісті бөлім басшысына, қала әкімдігіне, техникалық қадағалаушыға құрылыс жұмыстарын күнделікті қадағалап отыру қажеттігін ескертті.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: