Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Құрылтайға қай партиялар өткен болуы мүмкін

24.08.2026, 8:35 51

HALYQLINE.KZ

Қазақстанда Құрылтай сайлауы күні өткізілген үш экзитполдың нәтижелері жарияланды. Құрылтайға қай партиялар өткен болуы мүмкін екені тұрғысынан алдын ала мәлімет белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Естеріңізге сала кетейік, 23 тамызда Құрылтай сайлауының алғашқы күні аяқталып, экзитпол нәтижелері назарға ұсынылды. Сол кезде үш зерттеу институтының алдын ала деректері жарияланған болатын.

«Социс-А» деректеріне сәйкес, «Әділет» партиясы 70,7 пайыз дауыс жинады. «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 6,4 пайыз, Respublica – 5,5 пайыз, ал Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы 5,4 пайыз дауысқа ие болды.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) 5,0 пайыз, Қазақстан халық партиясы (ҚХП) 3,2 пайыз, Қазақстаннның «Байтақ» жасылдар партиясы 1,2 пайыз дауыс жинады. Барлығына қарсы дауыс бергендер – 2,6 пайыз.

Қоғамдық саясат институтының  мәліметінше, «Әділет» 72,3 пайыз, «Ауыл» 6,2 пайыз, Respublica 5,2 пайыз, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы 5,1 пайыз, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) 5,0 пайыз дауыс жинады.

Қазақстан халық партиясы 2,8 пайыз, Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы 0,9 пайыз дауыс жинағаны атап өтілді. Барлығына қарсы дауыс бергендер – 2,5 пайыз.

«Еуразиялық интеграция институты»  ЖШС «Әділет» партиясына респонденттердің 71,8 пайызы, «Ауыл» партиясына 6,4 пайызы дауыс бергенін хабарлады. Respublica партиясы 5,4 пайыз, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) 5,2 пайыз, «Ақ жол» демократиялық партиясы 5,1 пайыз жинады. Қазақстан халық партиясын (ҚХП) сайлаушылардың 3,0 пайызы, «Байтақ» жасылдар партиясын 1,0 пайызы таңдады. Барлығына қарсы болғандар – 2,1 пайыз.

Осылайша, Құрылтайға өтуі мүмкін партиялардың алдын ала тізімі белгігі болып отыр.

Айта кетейік, ұсынылған Exit poll нәтижелері әлеуметтік зерттеулердің алдын ала деректері саналады. Олар сайлаудың ресми қорытындысы емес. Құрылтай сайлауының ресми нәтижелерін Орталық сайлау комиссиясы 30 тамызға дейін жариялайды.

Сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: