Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Құрылтайдың Парламенттен несі артық?

23.07.2026, 8:00 40

— Бұлардың бір-бірінен ешқандай айыр­машылығы жоқ. Екеуін де бір сөзбен Парламент деп атауға болады. Бұрынғы Қазақстан Парламенті екі палатадан тұрса, қазіргі Парламент («Құрылтай» деп аталатын) бір палатадан тұрады. Айырмашылығы – осы ғана. Көптеген федеративті құрылымдағы елдердің Парламенті екі палатадан тұрады. Бірінші палатаны сол елдің барлық азаматы сайласа, екіншісін (көп жерде «Сенат» деп аталады) федерация құратын субъектілердің (штаттар, автономиялық құрылымдар, жеке аймақтар, т.т.) өкілдері құрайды. Біздің бұрынғы Сенатымыз облыстардың өкілдерінен құралды. Әр облыстан екі адам Сенат депутаты болды. Оларды сол облыс­тың мәслихаттары сайлады. (Шын мәнісінде, «сайлады» деп айту ыңғайсыз болар,  «тағайындады»).

Тоқсаныншы жылдары Сенат сияқты құрылым Президент үшін қажет болды. Ол  өзіне жақпаған, бірақ Мәжіліс өткіз­ген  заң жобаларын Сенат арқылы өзгер­тіп не тоқтатып отыруға мүмкіндік алды. Ол уақытта, тәуелсіздіктің алғашқы кезе­ңінде Мәжіліс біршама батыл болатын. Кейде Президенттің бастамаларына да қарсы  шығатын.

Қазір бәрі өзгерді. Парламент Прези­денттің айтқанынан шықпайды. Сондық­тан Сенаттың да қажеті жоқ болып шық­ты. Сенат таратылды, бірақ сол адамдар сол күйінше сол орындарында қалатыны анық. Құрылтайдың құрамы, керек десеңіз саны да ешнәрсенің өзгермегенін көрсетеді. Қосылғыштардың орны ауыс­ты, алайда…

Жазып  алған

Н.АҚПАН

Фото: ашық дереккөзден

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: