Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қорғаныс министрлігіндегі аудит 48 әскери бөлімді қамтыды

05.10.2026, 16:30 36

HALYQLINE.KZ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады. Кездесуде Қорғаныс министрлігінде бюджет қаражатының қаншалықты тиімді жұмсалып жатқанына қатысты жоспардан тыс аудиттің барысы баяндалды.

Ауқымды тексеріс 50 нысанды қамтып отыр. Оның 48-і – әскери бөлім. Аудит жүргізу үшін мемлекеттік аудит жүйесінің жетекші мамандары, IT және байланыс саласының сарапшылары кірген арнайы топ құрылған.

Тексеру кезінде Қарулы күштер қызметінің негізгі бағыттарындағы жағдайға баға беріледі. Президентке мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс бойынша бұған дейін жүргізілген аудиттің нәтижелері де таныстырылды.

Әлихан Смайылов Астанада өткен Азия жоғары аудит органдары ұйымы Басқарма кеңесінің 63-отырысының қорытындысын да баяндады.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қорғаныс министрлігіндегі аудитті жүргізу және мемлекеттік аудит жүйесін одан әрі жетілдіру жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: