Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қолғапсыз қызмет көрсеткенге де жаза бар

19.06.2020, 11:00 501

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысында коронавирус инфекциясының таралуы күн сайын артып барады. Соңғы күндері әр тәулікте тіркелген науқастардың саны 40-тан асуда.

Ахуалдың күрделенуіне байланысты облыс прокурорының өкіміммен облыс әкімдігімен бірлесіп жергілікті атқарушы және уәкілетті органдардың басшыларынан тұратын өңірлік мониторингтік топ құрылды.

Одан бөлек қала, аудан орталықтарында 32 мониторингтік топ жұмыс атқарып, күнделікті рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.

Олардың міндеті – карантин уақытында базарлар, қоғамдық тамақтану орындары, дүкендер және тағы да басқа қызмет көрсету орталықтарында санитарлық талаптардың сақталуына бақылау жүргізу.

18.06.2020 ж. өңірлік мониторингтік топ жетекшісі облыс прокурорының орынбасары Д.Катаев, облыстың бас санитариялық бас дәрігері А.Абдикаимова және Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Б.Нуриддинов Қызылорда қаласындағы «Отырар» сауда үйін аралап, сауда үйінің басшылығына сатушы қызметкерлермен бетпердесіз, қолғапсыз жұмыс істеп жатқаны, төменгі қабатта желдету жүйесінің жұмыс істемейтіні туралы ескертілді.

Өз кезегінде «Отырар» сауда үйі басшылығы кемшіліктерді жоятынын, ол үшін 2 күнге сауда үйінің төменгі қабатын жабатынын жеткізді.

Бүгінгі күнге дейін топтармен 7920 нысан тексерілді. Оның 4566-сына ескерту парақтары берілді.

Бұл нысандарда арақашықтық сақталмайды, қызметшілер бетпердесіз, қолғапсыз жұмыс істеп жатқаны анықталды.

Мысалы, «Small» сауда үйінде 2 кассирдің қолғапсыз халыққа қызмет көрсетіп тұрғаны анықталып, топпен тиісті құжаттар рәсімделіп, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 462-бабының 3-бөлігімен негізінен қарау үшін сотқа жолданған.

Жалпы 10 тұлғаға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданды.

Мониторингтік топтармен шектеу және қауіпсіздік шараларының сақталуына бағытталған рейдтік шаралар жалғаса береді.

Қызылорда облысының прокуратурасы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: