Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақтың жанына жылқы неге жақын?

18.07.2020, 10:00 2100

HALYQLINE.KZ Қазақ төрт түліктің ішінен тек жылқыны ғана жеті қазынаға жатқызған. Себебі жылқы – қазақтың жаны, қазақтың қаны. Тіпті, «Ер қанаты – ат» деп те ерекшелейміз. Бұл – Қамбар ата төліне деген ерекше құрметтің белгісі. Ал осы ұлы дала жерінде алғаш рет қолға үйретілген жылқы туралы не білеміз?

Ғалымдар ең алғаш рет жылқы қазіргі Украина жерінде жүгенделген деген пікір қалыптастырған. Алайда бұл жаңалық 1980 жылы СҚО-дағы Ботай қонысы табылған кезде жоққа шығарылды.

Осыдан тура 6 мың жыл бұрын Ботай қонысын мекен еткен көшпенділер алғаш рет асауға ауыздық салып, төрт түліктің төресі – жылқыны қолға үйретті. Содан бастап адамзат тарихында өркениеттің жаңа дамуы басталды.

Ат үстінде жүрген көшпенділер тақымына басқан сәйгүлігіне еркін мініп тұруы үшін биік ер-тұрман мен үзеңгіні ойлап тапты. Бұл жаңалық салт атты адамның тұлпар үстінде қаққан қазықтай мығым отыруына, сондай-ақ қолындағы қаруын еркін пайдалануына мүмкіндік берді.

Ұлтымызда ат әбзелдерінің алуан түрі бар. Найман ер, керей ер, қоңырат ер сынды ер тоқымның түр-түрін кезіктіресіз. Әрқайсының өзіндік ерекшелігі бар.

Елбасы «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында түп тамырымызды терең білуге шақырды. Қазақстан тарихын жеке жұрнақтарымен емес, тұтас қалпында қазіргі ғылыми тұрғысынан қарағанда түсінікті болуы керек екенін айтты. Өйткені тарихты білмей, болашақты болжау қиын. Болмысынан ажырамаған халықтың ғана келешегі бар.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: