Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстанда мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді

12.10.2026, 15:30 84

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі el.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақорданың хабарлауынша, Президент бұл шешімді Қазақстан Республикасы Конституциясының 88-бабының 5-тармағына сәйкес, Премьер-министр Олжас Бектеновпен және Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебаймен консультация өткізгеннен кейін қабылдады.

Жарлыққа сәйкес, Орталық сайлау комиссиясына барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау, сондай-ақ сайлауға дайындық пен оны өткізуге қатысты іс-шараларды ұйымдастыру тапсырылды.

Құжат жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Премьер-министрмен және Құрылтай төрағасымен барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі бойынша консультация өткізкен еді.

Фото: Ақорда

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: