Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстанда 65 жастан асқан депутаттар демалуды бастады

26.03.2020, 10:21 569

Қазақстан парламентінің төменгі палатасы коронавирусқа байланысты жұмыс істеу форматын өзгертті.

Tengrinews сайтының жазуынша, 26 наурыз күнгі мәжіліс отырысында спикер Нұрлан Нығматуллин отырысқа бірқатар депутаттар келмегенін, «ДДСҰ кеңесін ескеріп, 65-тен асқан депутаттарға жұмысқа келмеуге кеңес бергенін» айтқан.

Нығматуллиннің айтуынша, пленарлық отырысқа тек депутаттар мен заң жобасы бойынша негізгі баяндамашылар ғана қатысады.

Сайттың жазуынша, мәжіліс отырысына келген депутаттардың барлығы маска тағып келіп, бір-бірінен алшақ отырған.

Қазақстанда коронавирусқа байланысты 15 сәуірге дейін төтенше жағдай. 19 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары карантинге көшті.

АҚШ-тағы Джон Хопкинс университетінің дерегінше, қазір әлемде 470 мыңнан астам адам вирус жұқтырды. 21 мыңнан астам адам қаза болды. 114 мыңнан астам адам дертінен айыққан.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: