Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақ жері шетелдіктерге сатылмайды

25.02.2021, 12:10 1071

HALYQLINE.KZ

Жер шетелдіктерге сатылмайтыны туралы түбегейлі шешім қабылданды. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Комиссия (Жер реформасы жөніндегі комиссия) жұмысының әрбір кезеңі және онда ұсынылған шаралар туралы халықты үнемі хабардар етіп отыру керек. Басты міндеттің бірі – комиссия жұмысының және шешім қабылдаудың ерекше ашықтығын көрсету. Біз жерге қатысты қоғам тарапынан көтерілген барлық мәселені дұрыс және тиімді шеше аламыз деп сенемін», – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы бұл шешімдер ең алдымен, ел экономикасын дамытуға және азаматтардың тұрмыс сапасын арттыруға арналатындығын баса айтты. «Ең бастысы, жер шетелдіктерге сатылмайтыны туралы түбегейлі шешім қабылданды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: