Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қармақшыда жем-шөп мәселесі пысықталды

08.07.2021, 9:30 497

HALYQLINE.KZ Кеше Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Жұлдызхан Ерқосаевтың төрағалығымен аудан әкімдігінде жиын өтті.

Жиынға ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы, дербес бөлімі басшылары мен тиісті сала мамандары қатысты және кенттер мен ауылдық округ әкімдері ZOOM платформасы арқылы онлайн қосылды.

Жиналыстың күн тәртібіне өңіріміздегі қуаңшылық жағдайына байланысты мал азығын дайындау оның ішінде жем-шөп мәселесі қаралды.

Жиынды жүргізген Жұлдызхан Байназарұлы шаруашылықтарда ауылдық елді мекендерде қыс мезгіліне мал азығын дайындау, өңіріміздегі қуаңшылықтың зардаптары туралы айтып өтіп, аудан тұрғындары арасында түсіндірме жұмыстарын кеңінен жүргізіп жем-шөп мәселесін шешілуі жолдарын тиісті сала басшыларына пысықтауды тапсырды.

Арал, Қазалы аудандарында мал азығының жетіспеушілігіне байланысты аудандағы шаруа қожалықтары шөпті жергілікті тұрғындарға толығымен қамтып, басқа облыстарға сатпастан бұрын жоғарыда аталған екі ауданға қол жетімді бағада ұсынуы керек екенін атап өтті.

Сонымен бірге «Жастар ресурстық орталығының» директоры Берік Бәйділдаевқа ауыл жастары арасынан бригадалар жасақтап, келісім бойынша қызметтеріне ақы төлеуді ұйымдастырып, шөп шабу жұмыстарына жастар мен тұрғындарды тартуды тапсырды.

Тез арада тиісті сала басшыларына шаруашылықтармен және шаруа қожалықтарымен байланысып тұрғындарға қажетті мал азығын дайындау жұмыстарының барысы туралы нақты тапсырмаларды жүктеді.

Жиын соңында ауылдық округ әкімдері мен кент әкімдерінің ұсыныс пікірлері тыңдалды.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: