Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қалдарбеков құрылыс нысандарын аралады

17.06.2020, 14:15 1113

HALYQLINE.KZ Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан бірнеше құрылыс нысандарын аралады.

Бағдарлама негізінде жаңа жұмыс орындарын құруға, тұрғындардың әлеуметтік мәселелерін шешуге, әл-ауқатын арттыруға бағытталған.

Аудан әкімі Мұса Оспанұлы Жосалы кенті орталығындағы Қорқыт ата көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолын салу барысымен танысты. Мердігер мекеменің басшысымен кездесіп, атқарылып жатқан жұмыстарда қолданылатын құрылыс материалдарының сапалы болуына көңіл бөлуді тапсырды.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде жүзеге асырылатын жобалар тізіміне бірнеше нысандардың қайта жаңғыртылуы мен жөндеу жұмыстары кіріп отыр.

Сонымен қатар, аудан басшысы Жосалы кентіндегі №15 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ғимараты мен балалар кітапханасының ғимаратына жүргізіліп жатырған ағымдағы жөндеу жұмыстарымен танысты.

«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы шеңберінде ауданымызды абаттандыру, көшелерді орташа жөндеу мен жарықтандыру, әлеуметтік нысандарды ағымдағы жөндеуден өткізу жұмыстары атқарылатын болады.

Жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуды көздейтін бағдарламада жоспарланған жұмыстардың сапалы жүргізілуі маңызды. Бұл жұмыстардың барлығы халық игілігі үшін іске асып жатыр. Жоба аясындағы атқарылатын жұмыстар тұрғындар сұранысына сай болуы керек. Осы ретте аудан әкімі көше тұрғындарымен кездесіп, пікірлерін тыңдап, жұмыс барысында сауалдарын назарға алып отыруды тиісті сала басшыларына тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: