Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қалдарбеков Қармақшыны көркейтуді көздейді

24.04.2020, 14:00 400

HALYQLINE.KZ –| Аудан әкімі М.Қалдарбеков Жосалы кентіндегі көшелерге жаңадан арықтар қазу және көшеаралық арықтарды тазалау жұмыстарын арнайы барып көріп, кент әкімі мен тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

– Тұрғындардың аулаларында бау-бақша егуі үшін кентте жаңадан арықтар қазылып, қолайлы жағдай жасау арқылы тұрғындардың бау-бақшамен айналысып, ағаш көшеттерін отырғызып, көркейіп-гүлденуіне жол ашады деп сенемін. Өлкеміздің көркейіп гүлденуі, сәулеті мен дәулетін тасыту – Сіз бен біздің перзенттік айнымас міндетіміз, – деді аудан басшысы.

Жосалы кентіне аяқ-су беру жұмыстары үстіміздегі жылдың 1 мамырынан бастап жүргізіледі. Бүгінгі күні 15 км көлемінде кентішілік аяқ-су арықтарын қазу жоспарланған. Сонымен бірге қазіргі таңда Жосалы кентінде орналасқан «Дендропарк» саябағы қайта қалпына келтіріліп, жаңадан ағаш көшеттерін отырғызу, аяқ-сумен қамту бағытында қарқынды жұмыстар жүргізілуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: