Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қалдарбеков неге қапалы?

03.06.2020, 12:00 795

HALYQLINE.KZ Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков кент орталығындағы «Мәңгілік Ел» монумент кешені мен «Қазақ елі» композициялық монумент кешендерін аралап қайтқан екен. Онда жүргізіліп жатқан қайта ағымдағы жөндеу жұмыстарымен танысыпты. Алайда, аудан әкім мердігер мекеменің атқарып жатқан жұмысына көңілі толмаған тәрізді. Тіпті, құрылыс нысандарының кемшілігін өзі көрсетіп, оны тез арада жоюды тапсырып кеткен көрінеді. Бұл туралы ол фейсбук әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасына жазыпты.

– Әрдайым мердігерлердің құрылыс нысандарындағы жұмыстарын сапалы жасауға көңіл бөлу қажет. Бұл күндері халыққа көзбояушылық қажет емес. Осы ретте ауданымызда жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарының сапалы болуына «Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссияларының да назарында болуы керек деп есептеймін. Жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуды көздейтін бағдарламада жоспарланған жұмыстардың сапалы жүргізілуі маңызды. Бұл жұмыстардың барлығы халық игілігі үшін іске асып жатыр. Жоба аясындағы атқарылатын жұмыстар тұрғындар сұранысына сай болуы керек, – дейді ол.

Сондай-ақ, аудан әкімі «Үстіміздегі жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында ауданымызда абаттандыру, көшелерді орташа жөндеу мен жарықтандыру, әлеуметтік нысандарды ағымдағы жөндеуден өткізу жұмыстары атқарылатын болады» деп атап өтті.

Жақында облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Қармақшы ауданына жасаған сапарында өңірде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқтала келе:

 – Ауданда абаттандыру, көшелерді жарықтандыру, әлеуметтік нысандарды жөндеу бағытында барлығы 40 жоба іске асуда. Сондай-ақ, 800-ге жуық тұрғын жұмыспен қамтылады деп күтілуде. Басталған жұмыстарды уақытылы және сапалы аяқтаңыздар, – деп тапсырма берген еді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: