Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қалалық мәслихат депутаттарының алғашқы сессиясы өтті

18.01.2021, 10:15 498

HALYQLINE.KZ Шаһар басшысы алдымен сессияға қатысушыларды елімізде саяси реформалардың салтанат құруына негіз болған саяси науқан, сайлаудың аяқталуымен құттықтап, жаңа құрамдағы халық қалаулыларының жұмысына табыс тіледі. Сонымен қатар, VI шақырылымда депутат болып, елге ерекше қызмет еткен жандарға алғаусыз алғысын айтты.

VII шақырылымдағы қалалық мәслихаттың құрамы 22 депутатпен жасақталған. Оның ішінде, 18 адам «Nur Otan» партиясынан, «Ақжол» және «Қазақстан Халық партиясынан» 2 депутаттан сайланған. Халық қалаулыларының 5 әйел және 35 жасқа дейінгі 5 белсенді жас бар. Қала әкімі құрамы жаңарған жаңа мәслихаттың депутаттары алдыңғы әріптестерінің жұмысын табысты, байыпты бастамаларын берекелі жалғайтындығына сенім білдірді.

«Атқарылған жұмыс көп, бірақ алдымызда тұрған міндеттер одан да көп. Ендігі жерде өздеріңізбен бірге тұрғындарды толғандырған түйткілдердің түйінін тарқатып, кезегін күткен күрмеулі мәселелердің шешілу жолын бірге іздеп, халық сұранысын қанағаттандыру, тұрмыс жағдайын жақсарту жолында тізе қосып тер төгеміз деген қала әкімі жергілікті билік пен халық қалаулыларының жұмысы жемісті болады» деп сенетінін атап өтті.

Мәслихат хатшысына ұсынылған Ибадулла Дүйсенбайұлының білікті басшы, тәжірибелі маман екеніне тоқталып, саналы ғұмырында сан саланың тірлігін түлетіп, аймағымыздың қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, әлеуметтік-экономикалық дамуына септігі мол серпінді жобалардың басында болған іскер азаматқа мәслихаттың жұмыс сапасын арттыруда әрдайым қолдау білдіретіндігін жеткізіп, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

Сессия соңын қала әкімі «Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Ұлттық тұтастықты, тұрақтылықты сақтай отырып, дамудың даңғыл жолына түскен еліміздің әуелгі мақсатынан айнымай, жаңа кезең жетістіктерін игеріп, халықтың артқан сенімін ақтап, Елбасының, Мемлекет басшысының тапсырмаларын нақты іспен, нәтижелі орындау басты міндет» – деп түйіндеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: