Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қайрат Арена» неге салынбады?

03.06.2020, 15:00 397

HALYQLINE.KZ «Қазақ Футболы» парақшасы Алматыдағы салынуы мүмкін болған жаңа алаң туралы ақпаратпен бөлісті. 23804. (Жиырма үш мың сегіз жүз төрт). Бұл – 2018 жылы жоспарланған «Қайрат Аренадағы» орындықтар саны.

Қайрат Боранбаев немістік компанияның жобасы бойынша, Алматының орталығынан немесе клубтың базасы орналасқан «Қайрат» клубына тиесілі Бесағаш жерінен стадион тұрғызғысы келді.

Ақпараттарға сәйкес, әкімдік орталықтан қажетті жер бермеген, сондай-ақ, Бесағаш жеріне салуға да рұқсат етпеген. Басты себеп, «Қайрат» клубының қазіргі алаңы – Орталық стадионнан түсетін жалға беру қаражатына байланысты. Әкімдік Орталық стадионды әр ойынға арнайы 2 млн теңге көлемінде жалға береді.

Жаңа стадион «Қайрат» клубына тиесілі болатын болғандықтан, қаржы түгелдей әкімдікке емес, Қайрат Советайұлының пайдасына түседі. Жаңа стадион Алматыдағы ең ірі ғимаратқа айналатындықтан, танымал жұлдыздар әкімдікке қарайтын «Халық Арена» мен «Алматы Аренада» кеш өткізбей, жаңа стадионды жалдауды қалайды.

Екі миллион теңге және жұлдыздардан түсетін қаржы. Осындай ақша толықтай әкімдікке тиесілі. Әкімдік тұрғанда жеке меншік стадион салуға рұқсат жоқ.

Тағы да, белгілі болған ақпараттарға сүйенсек, ендігі кезекте Боранбаев өз қаржысын жаңа стадион салуға емес, Орталық стадионды жаңартуға жұмсайды. Осылайша, ол әр ойын сайын әкімдікке жалға алу берешегінен құтыла алады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: