Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 14 наурыз күні Бурабайда өтетін Ұлттық құрылтайдың IV отырысына қатысады.
Бұл туралы Telegram арнасында Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді, – деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі.
Жиында Мемлекет басшысы сөз сөйлеп, Ұлттық құрылтай мүшелерімен бірге қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты ұсыныстарын ортаға салады.
«Ұлттық құрылтайдың бұған дейінгі отырыстары:
2022 жылы – Ұлытауда
2023 жылы – Түркістанда
2024 жылы Атырауда өтті» – деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!