Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов бұрынғы орынбасары Роман Склярға алғыс айтты.
– Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысының Жарлығымен Роман Васильевич Скляр Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды. Үкімет атынан Роман Васильевичке Үкімет құрамында нәтижелі бірлескен жұмысы үшін алғысымды айтамын және жаңа жауапты қызметте табыс тілеймін, – деді Премьер-министр.
Сонымен қатар О.Бектенов Президент Жарлығымен Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалғанын еске салды.
– Нұрлыбек Машбекұлы, жаңа қызметіңізде сәттілік тілейміз. Мемлекет басшысының сенімін толық ақтайсыз деп сенемін, – деді Үкімет басшысы.
Еске салсақ, биыл 5 мамырда Роман Скляр ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды.
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!