Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыс әкімі: «Туымыз төмен түспесін»

13.07.2020, 13:50 651

HALYQLINE.KZ Бүгін – Жалпыұлттық аза тұту күні. Түнгі сағат 00:00-ден бастап еліміздегі барлық Мемлекеттік Ту төмен түсірілді. Барша Қазақстан халқы аза тұтуда. Пандемия салдарынан көптеген отандасымыз, жерлестеріміз көз жұмды. Өкінішке қарай, олардың қатарында елім деген ерлеріміз, зиялыларымыз, арыстай азаматтарымыз және өмірінің соңғы сәтіне дейін науқасты аман алып қалам деп күресіп өткен дәрігерлеріміз бар.

Коронавирус індетінен дүниеден озған әрбір отандасымыздың, жерлесіміздің отбасына, туған-туыстарына қайғыра көңіл айтамын. Біз – талай ауыр сынақтарды еңсерген елміз. Әрбірінде ауызбіршілігіміз бен ынтымағымыз сыналды. Бұл дертті де бірлікте жеңеміз деп сенемін. Ендігі жерде ешқашан қаралы күн болмасын, Туымыз төмен түспесін! Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын!⁣

Жақыныңызға жанашыр болыңыз!

Біз біргеміз!

#Ұмытпаймыз

Гүлшара ӘБДІҚАЛЫҚОВА,

Қызылорда облысының әкімі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: