Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыс әкімі спортшы Шавкат Рахмоновпен кездесті

07.04.2023, 22:00 701

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аралас жекпе-жектен UFC турнирінде өнер көрсеткен Шавкат Рахмоновпен кездесті.

Даңқты спортшы Лас-Вегас қаласында өткен турнирде жеңіске жеткен еді. Аймақ басшысы спортшыға алдағы уақытта да биік тұғырдан көрініп, еліміздің абыройын асқақтата беруіне тілектестік білдірді. Спортшылардың жеңіске ұмтылысы, жетістік жолындағы табандылығы өскелең ұрпаққа сенім мен жігер сыйлайтынын айтты.

Өз кезегінде, жеңіліп көрмеген чемпион атағын иемденген боксшы қонақжай Сыр еліне келгеніне қуанышты екенін жеткізіп, ризашылығын білдірді.

Кездесуден кейін Шавкат Рахмонов «Еуразия» және «Мұз айдыны» спорт кешендерiнде спортшылар, жанкүйерлер қауымымен кездесіп, сұхбаттасты және естелік суретке түсті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: