Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыс әкімі басшыларға қандай ескерту жасады?

28.04.2020, 14:12 567

HALYQLINE.KZ –| Бүгін облыс әкімі Г.Әбдіқалықованың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. Қаралған мәселелердің бірі – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары.

Аймақ басшысы жемқорлықпен күрес – бұл жауапкершілігі зор міндет және ол формальді түрде жүргізілмеуі тиіс екенін айтты.

«Облыстық басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдеріне қатаң ескертемін. Басқаратын ұжымда кез келген жемқорлық сипатындағы әрекеттерге жол берген бірінші басшылардың мәселесін өзім жеке қарайтын боламын, – деді облыс әкімі Г.Әбдіқалықова.

Жиында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысы Ардақ Ерсейтов мемлекеттік органдардың басшылары өздеріне тікелей бағыныстағы тұлғалардың сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін жауаптылықта екенін мәлімдеді.

«Осы Заңның қабылдануымен Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа кезеңі басталды. Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет басшылардың қоластындағы қызметкерлері үшін жауапкершілігі заңмен бекітілді. Осыған байланысты мемлекеттік органдардың басшылары өздеріне тікелей бағыныстағы тұлғалардың сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін жауаптылықта болатындығын тағы да назарларыңызға саламын», – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: