Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыс әкімі Баймахановты қабылдады

10.07.2020, 15:35 257 0

HALYQLINE.KZ Кеше облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Жалағаш ауданы мен Қызылорда қаласының әкімі қызметін атқарған, парламент сенатының экс-депутаты, белгілі қоғам қайраткері Қожахмет Баймахановты қабылдады.

Кездесуде Қ.Баймаханов облыс халқын толғандыратын өзекті мәселелерді қозғады. Атап айтқанда, коронавирусқа қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылын нығайту мәселелеріне баса назар аударылды. Сондай-ақ, тұрғын үй-коммуналдық сала мәселелері де көтерілді. Атап айтқанда, сумен, газбен, электрмен қамтамасыз ету және т.б. Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында мемлекеттік органдардың халықпен тікелей және кері байланысын нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова барлық ұсыныстар тиісті органдар тарапынан мұқият қаралатынын айтып, қоғам қайраткеріне белсенді азаматтық ұстанымдары үшін алғысын білдірді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: