Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Нұрсұлтан Назарбаев вирусты жеңді

02.07.2020, 14:50 600

HALYQLINE.KZ Нұрсұлтан Назарбаев коронавирустан айықты. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter желісіндегі парақшасында жазды.

«Жақсы жаңалығым бар. Бүгін Елбасының коронавирусты анықтауға тапсырған сараптамасы теріс нәтиже көрсетті. Дәрігерлердің кеңесі бойынша Нұрсұлтан Назарбаев оқшауланды, қашықтан жұмыс істеп жатыр және оған таза ауада серуендеу кеңес етілді», – деп жазды Айдос Үкібай.

Еске салайық, 18 маусымда Елбасының коронавирус жұқтырғаны хабарланған болатын. Нұрсұлтан Назарбаевтың коронавирусты анықтауға тапсырған сараптамасы оң нәтиже көрсеткен еді.

Halyqline.kz-тің мұрағаты
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: