Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Нұрсұлтан Назарбаев 80 жасқа толды

06.07.2020, 9:10 605

HALYQLINE.KZ Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – 1991 жылғы 1 желтоқсанда алғашқы халықтық сайлауда сайланған Қазақстанның тұңғыш Президенті және Елбасы. 

2020 жылдың 6 шілде күні Қазақстанның тұңғыш Президенті 80 жасқа толды.

1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан отбасында көптен күткен бала дүниеге келді, оны ата-анасы Нұрсұлтан деп атады.

Нұрсұлтан Әбішұлы ұлы жүздің Шапырашты руынан шыққан.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы, сонымен қатар Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығын басқарады.

2019 жылдың 19 наурызында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан президенті қызметінен кетті.

Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы мәртебесінің иегері, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы, «Нұр Отан» партиясының төрағасы, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес, Қазақстан халқы Ассамблеясы, Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: