Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мұнай өндіру қысқарады

16.04.2020, 11:17 853

Н.Қазидың  коллажы

Қазіргі күні Қазақстан дүниежүзілік мұнай қорының 3%-ына ие, әлемдегі мұнайға бай 15 елдің қатарында тұр. Мұнай-газды аудандар еліміздің 62% аумағына орналасқан және 80-нен астамы игеріліп отырған 172 мұнай-кен орынын қамтиды. Мұнай қорларының 90%-дан астамы Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ, Өзен, Жетібай, Жаңажол, Қаламқас, Кенқияқ, Қаражанбас, Құмкөл, Солтүстік Бозащы, Әлибекмола, Орталық және Шығыс Прорва, Кенбай, Королевское ірі кен орындарына шоғырланған. Қазақстан 2019 жылы 180,7 мың тонна бензин экспорттаған. Келісімшарт жасалған 19 жер қойнауын пайдаланып, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге    158,4 млрд теңге инвестиция тартылған. Елдегі газдандыру жұмыстары бойынша өткен жылы 40 млрд теңге қарастырылған 88 жоба аясында 9,5 млн адам газ пайдалануға қол жеткізген. Биыл бұл көрсеткіш  52,4 пайызға жүзеге асады деп жоспарлануда.

Ал Азияның мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (МЭЕҰ – ред.) мұнай өндірісін тәулігіне 9,7 миллион баррельге дейін қысқартуға келісті. Мұндай лимит биыл мамыр және маусым айларында сақ­талады­. Мұндай келісімге 23 ел қол қойған. Бұған дейін МЭЕҰ елдері мұнай өндірісін тәулігіне 10 млн баррельге дейін қысқартады делінген­. Алайда мұнай экспорттаушылар 9,7 млн баррель деп келіскен, өйткені Мексика ұстанымын өзгертуден бас тартып, 400 мың баррель квотаға келіспеген.

Иран мұнай министрінің хабарлауынша, Мексика мамыр және маусым айларында мұнай өндірісін тәулігіне 100 мың баррельге қысқар­тады. Қалған 300 мың баррельді Мексиканың орнына АҚШ қысқартуға уәде берді. Ал Қазақстан ше?

Жыл басында ҚР Энергетика министрі Н.Ноғаев министрліктің кеңейтілген алқа отырысында:

 – 2020 жылы мұнай өндіруді 90 млн тоннаға, экспортты 71 млн тоннаға, өңдеуді 17 млн тоннаға, мұнай өнімдерінің өндірісін 12,5 млн тоннаға жеткізуді жоспарлап отырмыз, – деген еді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан МЭЕҰ-ға мүше елдердің 2019 жылдың бірінші жартыжылдығына өндіру көлемін 40 мың баррельг­е төмендету бойынша мәмілені ұзартуды қолдаған еді.

– Биылғы өзгеріс – әлемдік мұнай индустриясы тарихындағы ең үлкен ұжымдық қысқартудың бірі. Қазақстан өз кезегінде келісімдегі консенсусқа қолдау көрсетіп, тәулігіне 390 мың баррельге өндіруді қысқарту міндетін өз мойнына алды. Мұндай шешім бірінші кезекте мұнай нарығында ғана емес, бүкіл әлемде қалыптасқан күрделі жағдайд­ан туындайды. Энергетика министрлігі қазіргі уақытта мұнай өндірісін қысқарту сценарийін әзірлеуде, – дейді ҚР Энергетика министрліг­інің  баспасөз  қызметі.

– Бір-екі жылда мұнай бағасы тұрақталады деп айту қиын. Мұнай бағасын  реттеуге  қазір  ОПЕК-тің де күші келе қоймайды. Бүгінде АҚШ-тың мұнай терминалдары Ирак пен Ливияның арзан мұнайына толып тұр. Американың өзі де мұнай өндіруде Сауд Арабиясын қуып жетіп, бірінші орынға көтерілді. Мойындау керек, әлем әзірге АҚШ-тың қас-қабағына қарап бет түзейтіні белгілі. Демек, АҚШ мұнай бағасын реттеуг­е өзі кіріспесе, жағдай қиындай бермек. Ол әсіресе, бюджетін мұнайдан түскен түсіммен толтырып отырған көптеген елдерге соққы. Қазақстанға да жеңіл болмайды. Үкімет «пессимистік сценарийге дайынбы­з» деп бюджетті жоспарлап қоятыны белгілі. Біз үшін дағдарысқ­а  төтеп  беретін  мықты  жобаларды  ойластыруға  тура келеді, – дейді «Барометр» орталығының экономист-сарапшысы Дәуре­н  Арын.

АҚШ әлем нарығында мұнай бағасының құлдырауын тоқтат­қысы келеді.  Мұнай  экспорттаушы елдер 2022 жылдың сәуіріне дейін мұнай өндірісін біртіндеп азайтуға келісті. Осылайша мұнай өндірісін қысқарту­ тарихындағы ең ірі келісім жасалды. Қазақстан МЭЕҰ елдерім­ен және оның құрамына енбеген мемлекеттермен тығыз байлан­ыста. Әлемдік мұнай нарығын тұрақтандыруға және мұнай индустри­ясы инвесторларының сенімділігін қалпына келтіруге­ бағытталғ­ан белсенді ынтымақтастықты жүргізгеніне әлі жыл толған­ жоқ. Әлемдік мұнай нарығының тұрақтылығын сақтауға­ Қазақстан да мүдделі. Себебі мұнай саласы ел экономика­сында елеулі рөлге ие.

Н.ҚАЗИ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: