Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мердігердің немкеттілігі «арайлықтарды» мезі етті

27.02.2020, 12:01 437

Қызылорда қаласындағы ауызсу желісінің  80 пайызы жаңғыртудан өтсе, қалғаны жөн­деуді күтіп тұр. Бірақ, бұл бас шаһарда проблема жоқ дегенді білдірмейді. Соңғы 3 айдың өзінде «Арай» ықшам ауданы тұрғындарынан 14 арыз-шағым түскен. Мамандар берілген шағымдар бойынша дер кезінде тиісті жұмыстарды атқардық деп отыр. Осы және өзге де мәселелер жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында «Қызылорда су жүйесі» МКК  директоры Марат Жәмиев айтты.

Оның айтуынша, қызылордалықтарға беріліп жатқан ауызсу барлық санитарлық талап­тарға сәйкес келеді. Бұдан бөлек, су жүйелерін­ің 19 нүктесінен айына 1 рет сынама алынып, ауызсу сапасына химиялық және бактери­ологиялық  сараптамалар  жасалынады екен.

– Ауызсу сапасына әрдайым қалалық тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасымен бірге тек­серу жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі күні қаладағы «Арай 2» және «Арай 3» ықшам ауданының тұрғындарынан ауызсу сапасына байланысты шағымд­ар жиі түседі. Оның басты себебі – ауызсу қысымының көтерілуі. Соның салдарынан құбырдың­ табанында шөгіп жатқан топырақ, құм  қалдық­тары  суды  ластаған, – деді кәсіп­орын  директоры.

Бұған байланысты комиссия құрылып, зертте­у жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде «Арай 2»,  «Арай 3»  ықшам ауданында құрылыс-монтаж жұмыстарын жасаған мердігер мекемен­ің  құрылыс  нормалары  мен ережеле­рін  сақтама­ғаны  белгілі  болған.

Айтпақшы, алдағы наурыз айында суды тарату­шы желілер арқылы беру, сарқынды суды бұру және тазарту қызметтерінің тарифі өзгереді­.

Суды таратушы желілер арқылы беру қызметі:

Тұрғындар үшін – 40,72 теңге;

Жылумен жабдықтаушы кәсіпорындарға – 66,49 теңге;

Бюджеттік мекемелер үшін – 94,36 теңге;

Басқа  да  тұтынушылар (жеке кәсібі бар) үшін – 134,42  теңге.

Сарқынды суды бұру және тазарту қызметі:

Тұрғындар үшін – 43,59 теңге;

Жылумен жабдықтаушы кәсіпорындарға – 72,18 теңге;

Бюджеттік мекемелер үшін – 111,38 теңге;

Басқа  да  тұтынушылар (жеке кәсібі бар) үшін – 121,19 теңге.

Жауапты сала басшысы, жаңа тариф 2025 жылға дейін сақталатынын айтты. Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі таңда кәсіпорын теңгері­мінде 800 шақырым ауызсу желісі бар. Қала тұрғындарын тіршілік нәрімен қамтамасыз ету үшін тәулігіне 44,7 текше метр су өндіріледі.

Брифинг барысында Марат Шахматұлы кәсіпорын жұмысшыларға қарыз екенін айтты.

– «Қызылорда су жүйесі» МКК құрылғалы ең өзекті мәселенің бірі – жалақы. Өткен жылы жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде мекеме қызметкерлерінің 2019 жылғы жалақысынан толық құтылды. Ал қаңтар айының жалақысын алдағы  5 күннің ішінде беретін боламыз. Бүгінгі күні  жұмысшыларға  30 млн  теңге қарызымыз бар, – деді   Марат  Шахматұлы.

Сондай-ақ, ол ауызсуға қарыз тұтынушылардың көп екенін хабарлады. Бірақ, қызыл­ордалықтардың нақты қанша берешегі барын айтқан  жоқ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: