Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мемлекет басшысы қызылордалық еріктіні марапаттады

26.05.2020, 23:00 819

HALYQLINE.KZ Қызылорда қаласында қоғамдық ортаға ерікті түрде пайда тигізуді мақсат етіп жүрген азаматтардың қатары аз емес. Ерікті істерге бастамашы болып, жастардың көңілін жақсы істерге бағыттап жүрген волонтерлардың бірі – қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Сабыржан Бауыржанұлы Кеңшілік.

Бүгін қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлы қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Сабыржан Бауыржанұлын арнайы қабылдап, волонтердың еріктілік пен белсенділіктің үлгісін көрсеткені үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Алғыс хатымен» марапаттады.

Қала әкімі қызылордалық жастардың мәртебесін көтеруде қашанда қолдау көрсетіп, алда бірге жаңа бастамаларды жүзеге асыратындығына сенім білдірді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: