Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Марапат төрінде – ұшқыр қалам иелері

29.06.2020, 8:55 532

HALYQLINE.KZ

Журналистердің кәсіби мерекесіне орай, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Асқарбек Есжанов тілшілер қауымына қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың арнайы құттықтау хаттарын табыс етіп, қаламыздың әлеуметтік және экономикалық дамуын насихаттап, ашық ақпарат ұсынып, еңбегімен ерекшеленіп жүрген бірқатар жаңалық жаршыларына кәсіби біліктілігі үшін «Ұшқыр қалам – 2020» қала әкімінің алғысы мен арнайы сыйлықтарын табыстады.

‐ Журналистер ашық, халыққа қолжетімді ақпарат қалыптастыруда күндіз-түні бұқараға адал қызмет етеді. Осындай қауіпті індет белең алған уақытта да бұқаралық ақпарат өкілдерінің еңбегі ерекше болды, шексіз алғысымызды білдіреміз, -деді А.Есжанов

Айта кету керек, Қызылорда қаласында қала әкімдігіне қарасты дербес бөлімдер, кент және ауылдық округ әкімдіктері қаламыздағы тілшілер қауымына қала әкімінің ыстық лебізін, құттықтауын жеткізуді игі дәстүрге айналдырған. Биыл да бұл үрдіс жалғасын тапты.

Қызылорда қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: